Астанада әлеуметтік желіні бұғаттауға қарсы митинг өтеді

Елордада «Сарым-Закиева» заңына қарсы митинг өтеді


30/03/2022
14:04 34581 0

Сәуірдің 2-і күні елорданың «Астана» циркінің алдында сағат 12:00-14:30 аралығында әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы санкцияланған митинг өтеді. Бұл жөнінде Protiv.blokirovki.soc.setei.kz Instagram парақшасы хабарлады. 

 

Нурыздың басында мәжіліс «балалардың құқығын қорғау» жөніндегі заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге байланысты заң жобасын мақұлдаған. Азаматтық қоғам өкілдері өзгеріске ұшыраған заң әлеуметтік желілер мен сөз бостандығын шектейді деп есептейді. 

 

Ел арасында «Сарым-Закиева» заңы аталып кеткен заң жобасы бойынша: 

 

Қазақстан аумағында шетелдік онлайн платформалардың бөлімшелері тіркелуі тиіс.

Бөлімше басшылары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өшіруді талап еткен кез келген жазба бір тәуліктің ішінде алып тастауы тиіс. 

Пост, жазба, мақала, сайт, мессенджерлер сот шешімімен ғана емес, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің шешімімен де бұғаталады.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

30/03/2022 14:04
34581 0

Уведомление