Астанада адам құқығынан курс өтеді
Қатысу тегін

Фото: «Еркіндік қанатының» Instagram парақшасы
«Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры Астанада (Нұр-Сұлтанда) адам құқығы туралы курс өткізеді.
Онда құқық қорғаушы, заңгер мен сарапшылар адам құқығы негіздерінен сабақ береді. Мақсаты — азаматтардың құқық қорғаудағы белсенділігін арттыру.
Курсқа 30 адам қатыса алады. Ұйымдастырушылар іс-шара 21 наурызда өтеді деп жоспарлап отыр. Қалада карантин күшейтілсе, ол кейінгі шегерілуі не онлайн өтуі мүмкін. Курс ұзақтығы — алты ай, орысша өтеді.
Қатысушылар:
- 18–35 жаста болуы;
- оқу кезінде астанада болуы керек.
Қатысу үшін 13 наурызға дейін мына анкетаны толтыру қажет. Нәтижесі 20 наурызға дейін шығады.
Сұрақтарыңыз болса, қордың Instagram парақшасына — @erkindik_qanaty — жазыңыз.

Пікірлер жоқ.