Фото ашық дереккөзден
«Достар! Мен Tatler Kazakhstan басылымының бас редакторы қызметінен кетемін, себебі отбасылық бизнеске көңіл бөлгім келеді. Мұндай беделді басылымның басшысы болу – мені толқытты, қызықты тәжірибе болды, және мен осы кезең үшін ризамын. Тіпті, балаларды, редакция отырыстарына қатар алып жүріп, әр жерде болуға тура келген сәттерді сағынатын шығармын деп ойлаймын. Бірақ алдымызда жаңа амбициялы міндеттер тұр, және мен өз орнымда қажетпін», - деп жазды ол өзінің Инстаграм парақшасында.
Жәмила Әбілова деген кім?
Жәмилә Әбілова Лондон университетінің Goldsmiths College-ін «Медиа және коммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012-2020 жылдар аралығында BLVD журналының баспагері болған. Соңғы жылдары ABRestaurants желісінің PR және креативті директоры қызметін атқарды. 2014 жылы серіктестерімен бірге Mercedes-Benz Fashion Week Almaty-ны құрған.
Әбілованың күйеуі белгілі ресторатор Асқар Байтасов. Ол биыл Forbes есебінше «Жыл бизнесмені» атанды.
Байтасов ABRestaurants компаниясының басқарушы директоры. Оған елдің әртүрлі қалаларында орналасқан 26 мекеме қарайды. Құрамына «Кофемания» кофеханалар желісі, «Del Papa» итальян мейрамханасы, «Кружка» барлары, «Cafeteria» кафесі, «AROMA» шайханасы, грузиндік «Дареджани» мейрамханасы және «Augustin» сыра мейрамханалары кіреді.
Жәмиләнің әкесі де осал адам емес. Ол белгілі бизнесмен, экс-саясаткер Болат Әбіловтің қызы.
Tatler журналы туралы
Бұдан бұрын қазақстандық бизнесмен Тимур Турлов Tatler Asia-дан эксклюзивті лицензия алғанын хабарланған болатын. Серіктестік аясында Tatler Kazakhstan, Tatler Türkiye, Tatler Azerbaijan және Tatler Uzbekistan журналдарын шығару жоспарланған.
Tatler Kazakhstan-ның алғашқы нөмірі 2024 жылдың желтоқсанында сатылымға шықты. Жылына журналдың 10 баспа нөмірі жарық көреді делінген.
Tatler (tattler ағылшын тілінен аударғанда — "өсекші" дегенді білдіреді) - 1901 жылдан шығатын британдық сән және бомонд журналы.
"Идея авторлары елдегі жағдайдан мақұрым"
Аталған жорналдың «тұсау кесеріне» қатысты адвокат, қоғам белсендісі Ержан Есімханов төмендегідей пікір білірген еді:
«...Салтанатты өмір(светская жизнь) деген ұғым Қазақстанда 2000-шы жылдардың ортасында пайда болды. Сол кезеңде Қазақстанда мұндай өмірге жақын негізгі үш элементке ие адамдардың қатпары қалыптасты: ақша, бос уақыт және атаққұмарлық...
Бұл құбылыстың екі өкілі бар-ды. Біріншісі – бай әрі ықпалды ерлердің әйелдері. Олар күйеулерінің ақшасына "қоғамдық іс-шаралар" ұйымдастырды, ал күйеулері бұл процеске көбінесе қатысқысы келмеді. Екінші топ – сол бай әйелдерге жабысқан паразиттер: бұрынғы актерлер, блогерлер, сән саласының өкілдері және жай бос жүргендер. Олардың бәрі бір шарадан екінші шараға көшіп жүрді.
Бұл цирк шамамен он бес жыл «өмір сүрді». Кейін жаңа Қазақстан келді. Ақшаны босқа шашу біртүрлі ұят сияқты болды. Бұрынғы бомонд өмір қаһармандары Дубайдан немесе түрмеден орын тапты. Ал ақылдылары спортқа немесе қайырымдылыққа кетті. Елдегі жағдай да күрделенді.
Сөйтіп отырғанда 2000-шы жылдарды еске салғандай Tatler-дің тұсау кесері өтті. Кім үшін жасалғаны түсініксіз. Кімге керек екені белгісіз...Бұл идеяны жүзеге асырғандар біздің еліміздегі жағдайды түсінбейтіні анық.
Соғыс басталғаннан кейін Ресейде барлық осындай Tatler тектес басылымдар жабылды. Бірақ олардың редакторлары мен баспагерлері бізге көшіп келіп, бұрынғы әрекеттерін жалғастырып жатыр. Қандай қоғамда өмір сүріп жатқандарын түсінбейді де. Ал ресейліктерге еріп, желігіп жатан біздікілерге не жорық.
Менің бір күні Қазақстанда шынайы элитаға тән басты қасиеттер - сыпайылық, ақыл-парасат және өзі өмір сүріп жатқан қоғаммен үндес болу түсінігі қалыптасады деп үміттенем».
Пікірлер жоқ.