АҚШ Қытайда өтетін қысқы Олимпиадаға бойкот жариялады
Оған Шыңжаңдағы жағдай cебеп
Фото: rg.ru
АҚШ Қытайда 2022 жылғы қыста өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына бойкот жариялады. Бұған Шыңжаңдағы жағдай себеп дейді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Жен Псаки.
— Қытай билігінің Шыңжаңда жасап отырған геноцид және адам құқығын бұзу саясатын ескере отырып Байден әкімшілігі 2022 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына ресми өкілдерін жібермейді, — дейді ол.
Бірақ АҚШ спортшылары Бейжіңге барады. «Оларға ешқандай шектеу қоймаймыз» дейді Псаки.
Бұрын Норвегия, Канада, АҚШ саясаткерлері мен 200 құқық қорғау ұйымы Шыңжаңдағы мұсылман жұрттың лагерьге қамалып жатқанына қарсы шығып, қысқы ойындарға бойкот жариялайық деп үндеген еді. Қытайдың сыртқы істер министрлігі «бұл елдер спортты саясатқа айналдырмақ, адам құқығын сылтау қылып өзге елдің ішкі ісіне араласпақ» дейді.
Қысқы Олимпиада 2022 жылғы 4–20 ақпанда өтеді.
Пікірлер жоқ.