АҚШ-тың ізімен: Аустралия да Қытайда өтетін қысқы ойындарға бойкот жариялады

Оған бірнеше себеп бар дейді Канберра


08/12/2021
14:13 37160 0

Фото: ekd.me

 

Аустралия 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына ресми өкілдерін жібермейді.  

 

Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон екі елдің қарым-қатынасы қатты нашарлады, жалпы, бойкотқа бірнеше себеп бар дейді: Қытаймен келіспеушілік, Шыңжаңдағы мұсылман халықтың лагерьге қамалуы, Бейжіңнің Аустралияның атом сүңгуір қайықтарын сатып алу жоспарына айтқан сыны.  

 

Бұл бойкот дипломатиялық, сондықтан Аустралия спортшылары ойындарға қатысады. 

 

7 ақпанда АҚШ қысқы Олимпиадаға Шыңжаңдағы жұрттың құқығы өрескел бұзылып жатыр деп дипломатиялық бойкот жариялады. 

 

Бұрын Норвегия, Канада, АҚШ саясаткерлері мен 200 құқық қорғау ұйымы Шыңжаңдағы мұсылман жұрттың лагерьге қамалып жатқанына қарсы шығып, қысқы ойындарға бойкот жариялайық деп үндеген еді. Қытайдың сыртқы істер министрлігі «бұл елдер спортты саясатқа айналдырмақ, адам құқығын сылтау қылып өзге елдің ішкі ісіне араласпақ» дейді. 

 

Ойындар 2022 жылғы 4–20 ақпанда өтеді.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

08/12/2021 14:13
37160 0

Уведомление