Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды
Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды

Экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Бұл жөнінде белгілі журналист Михаил Козачков мәлімдеді.
— Бұрғынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен түнін елорданың уақытша ұстау изоляторында өткізді. Бейсенбі күні ол ауруханадан шығып, үйіне барып үлгерді. Сол жерде оны жемқорлыққа қарыс іс-қимыл қызметкерлері ұстады. Ұлттық музейдің басшысы халықаралық көрмелер өткізуге бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке іліккен, — деп жазды Козачков өзінің телегарам арнасында.
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүргізіліп, экс-министрдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен Мұхамедиұлы халыққа видеоүндеу жасап, министр болып тұрған кезінде атқарған жұмыстарына есеп берген.

Пікірлер жоқ.