Қарағандыда 100-ден астам ер адам «Феминитаның» жиынына кедергі болды

Наразы топ қатысушыларға тас атқылап, шашынан тартып, ұрып-соққан


29/07/2021
11:38 40029 0

Фото: informburo.kz

 

28 шілдеде Қарағандыда 100-ден астам ер адам «Феминитаның» әйел құқығы мен феминизмге арнаған жиынына кедергі болды. Олардың ойынша, ұйымдастырушылар «насихаттап отырған құндылықтар дәстүрге қайшы». 

 

«Азаттық радиосы» наразы топ терезеден жиын болып жатқан залға кірмек болған, бірақ есік жабық болғандықтан өте алмаған дейді. 

 

Оқиға орнына полиция келіп, топты таратпақ болды. Кейін ұйымдастырушылар мен қатысушыларды екіге бөліп, автобуспен алып кетті. Бір қатысушының айтуынша, ер адамдар автобусқа беттеген қатысушыларға тас, бөтелке атқылап, біреуінің шашынан тартқан, бүйрегінен ұрған. 

 

Ұйымдастырушылар Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан Алматыға қайтуға мәжбүр болды. 

 

Бұл жиын 27 шілдеде өтуге тиіс еді. Бірақ басында келісіп, жалдау ақысын алған қонақүй басшылығы кездесуді өткізуден бас тартты. 

 

Бұрын да «Феминитаның» кездесу шарасына бір топ адам кедергі болған еді. Оқиға мамырда Шымкентте болды.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

29/07/2021 11:38
40029 0

Уведомление