Антикор Ғалымжан Жақияновқа қатысты тергеу бастады

Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған


23/08/2023
14:46 14217 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Ғалымжан Жақияновтың үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеуді бастады. Ведомство мәліметінше, істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған. 

 

– Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нен Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновқа және басқаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өндіріске қабылдады. Тергеу мүддесіне қатысты өзге мәліметтер ҚР ҚПК 201-бабына сәйкесжария етуге жатпайды– делінген ведомствоның informburo.kz сайтына берген жауабында. 

 

Ғалымжан Жақиянов 1994-1997 жылдары Семей облысының әкімі, 1997-2001 жылдары Павлодар облысының әкімі болып қызмет атқарған. 2001 жылы (Қазақстан билігі (2018 жылы Астана қалалық соты) «экстремистік ұйым» деп таныған) «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысын құруға қатысты. 2002 жылы «билікті асыра пайдалану» бабымен жеті жылға сотталды. Өзі және жақтастары бұны саяси қудалау деп атады. 2006 жылы шартты түрде бостандыққа шығып, Қазақстаннан көшіп кеткен. 

 

Ғалымжан Жақиянов соңғы уақыттары бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билігі жөнінде, елдегі саяси-әлеуметтік мәселелер жөнінде ойын айта бастаған. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

23/08/2023 14:46
14217 0

Уведомление