Қанды Қаңтарда оққа ұшқан ерлі-зайыпты желтоқсаншылардың ісі тоқтатылды

Марқұмдардың ұлы тергеуді цирк деп атады


11/04/2023
16:43 17850 0

 

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының Республика алаңы маңында әскер оқ жаудырып, көлігімен бірге өртеніп кеткен ерлі-зайыпты Қуат Біткембаев пен Гүлзифа Құлсұлтанованың қазасына қатысты тергеу ісі тоқтады.

 

Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы оларды атқан жауынгерлер  қызметтік өкілетін асыра пайдаланған жоқ деп таныған.

 

Әскери-тергеу басқармасының қаулысында «48/386 әскери бөлімінің жауынгерлерінің 2022 жылдың 7 қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздік, антитеррористік операция мен төтенше жағдай кезіндегі әрекеті заңды» деп жазылған.

 

Блокпостта тұрған жауынгерлер тергеуде көлік ескертуге тоқтамады, оқ атуға тура келді деп жауап берген. 

 

Марқұмдардың ұлы Дәурен Біткенбаев істің тергелу барысын цирк деп санайды. Оның сөзінше, әскерилер көлікті қалағанынша атқылаған. Машинадан 50 шақты тесік табылған.

 

- Әкемнің бас сүйегінен өзім тауып алған қорғасынды сырттан атылған оқтың қорғасыны деп танымаған. Бұл адамдар оқты бір-екі рет дөңгелекке атып, қорғанып, бақылауына болар еді ғой. Жоқ, олар көлікті әбден атқылаған. Ойлашы, машинадан 50 шақты тесік таптық, – дейді Дәурен Біткенбаев.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

11/04/2023 16:43
17850 0

Уведомление