Қанды қаңтар. Алматы облысында 11 адам ұсталды
Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

Алматы облысында қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күтікпен 11 адам ұсталды.
— Алматы облысының полициясы ҰҚК қызметкерлерімен бірге қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген күдікпен 11 адамды ұстады. Ұсталғандардан бұған дейін күштік құрылымдардан тартып алынған қару-жарақ, оқ-дәрі және қорғаныс құралдары тәркіленді, — делінген ІІМ таратқан мәлімдемеде.
Бұдан бөлек, мәлімдемеде ұсталған күдіктілердің 20 мен 39 жас аралығындағы азаматтар екендігі, барлығының әкімшілік ғимараттар мен әскерге шабуыл жасағаны бейнеленген видеолары бар екендігі айтылған.

Пікірлер жоқ.