«Amanat» партиясы премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды

Фото: Ақорда
«Amanat» партиясы премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, – делінген Ақорда мәлімдемесінде.
Бүгін, 6 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің пленарлық отырысына қатысатыны жөнінде айтылған.
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады, – деп хабарлады Ақорда.
1980 жылы туған Олжас Бектенов 2006-2009 жылдары және 2014-2015 жылдары президент әкімшілігінде жұмыс істеген.
2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2019-2023 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған.

Пікірлер жоқ.