Ғалымжан Жақияновқа қатысты қайта қозғалған қылмыстық іс жабылды

«Билік сол істердің қажеті болар деп сақтаған сияқты»


31/08/2023
11:01 13745 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Іnformburo.kz мәліметінше, іс қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған.

 

Бұған дейін Павлодар облысының Antikor басқармасы Ғалымжан Жақияновқа қатысты қылмыстық істің қайта қаралып жатқанын растағанымен, тағылған айып туралы ешқандай мәлімет жарияламаған. 

 

Бүгін Ғалымжан Жақияновтың өзі facebook парақшасында іске қатысты жазба жариялады. Онда ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында, осыдан 20 жыл бұрын қозғалған істер «қылмыстық құрамы жоқ» болғандықтан тоқтағанын айтқан. 

 

– Содан бері қозғалған қылмыстық істердің материалдары саяси қудалау «конторасында» жатты. Шамасы, «X сағаты» жеткенде мені ноқталау үшін билік сол істердің қажеті болар деп сақтаған сияқты. Маған қарсы қозғалған істер ұмытылып кеткендей болды. Бірақ мен ұмытқан жоқпын. Осы 20 жыл бойы өзім және менің адвокаттарым тиісті мемлекеттік органдарға арыздар мен талаптарды жазып келдік. Әр жолы ҰҚК мен «құқық қорғау» органдарынан түрлі сылтауратқан мәнсіз жауаптар келіп тұрды. Енді міне, «қылмыс құрамы жоқ» деген тұжырыммен барлық істер ресми түрде жабылды, – делінген жазбада. 

 

Ғалымжан Жақиянов 1997-2001 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды.

 

2001 жылы Астана соты экстремистік ұйым деп таныған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігін құруға қатысты. 

 

2002 жылы «билігін асыра пайдаланды» деген айыппен 7 жылға сотталды. Ал 2006 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, Қазақстаннан көшіп кетті.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

31/08/2023 11:01
13745 0

Уведомление