Алматыдағы оқушы суициді: Назарбаев мектебінің ұл балалары наразылық ретінде жаппай белдемше киіп барды

Олар осылай белдемше киген оқушының суицидіне түрткі болды деген мектеп әкімшілігіне қарсы шықты


29/10/2021
13:00 38069 0

Фото: kaztag.kz

 

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектептерінде ер балалар жаппай белдемше киіп келді. Олар киімнің гендері жоқ деп, сексизм мен суицидке мән бермей отырған қоғамға қарсы шыққан.

 

Instagram хикаяларына қарасақ, физика-математиканы терең оқытатын зияткерлік мектепте ондаған ер бала жуырда өзіне қол салған оқушының құрметіне белдемше киіп келген. 

 

28 қазанда мектептегі тематикалық іс-шараға белдемше киіп келген 8-сынып оқушысы көпқабатты үйден секіріп, мерт болғаны белгілі болды. ҚазТАГ-тың дереккөзіне сенсек, оқушының қылығына оның кураторы ашуланып, баланы күштеп психологқа апарған. Психологпен сөйлескеннен кейін оқушы 27 қазанда 11-қабаттан секіріп, көз жұмған. Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабына («Өзіне қол салуға итермелеу») сай іс қозғады. 

 

Оқушы оқыған химия-биология бағытындағы Назарбаев мектебінің әкімшілігі өлімге белдемше мен психологтың қатысы жоқ дейді. 


— Бұл сауық кеште болмады, тағы да қайталаймын. Бұл мектепте аптасына екі-үш рет өтетін іс-шара еді. (...) Белдемше дегенді қайдан шығарған? Жұрттың бәрі соны айтып жатыр. Ол белдемше киіп келмеді. Қайдан шықты бұл әңгіме? (...) Оны психологқа апарды дегені де өтірік. Бізде баланы күштеп психологқа апарады деген жоқ. Психолог балалармен үнемі араласып отырады, — дейді мектептің баспасөз қызметінің өкілі Жанар Адамбаева.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

29/10/2021 13:00
38069 0

Уведомление