Алматыда жүздеген адам несие амнистиясын талап етіп, қаржы нарығын реттеу агенттігінің алдына жиналды

Олар несие кешіріле бастады деген ақпаратқа сеніп барған


09/12/2021
14:38 36857 0

Фото: vlast.kz

 

9 желтоқсанда Алматыда қаржы нарығын реттеу агенттігінің алдында жүздеген адам жиналып, несие амнистиясын талап етті. Мұны Vласть хабарлайды

 

Агенттіктегілер олар 8 желтоқсанда жинала бастағанын айтады. Жиылғандар бірнеше күн бұрын бір топ адамның несиесі кешірілгенін естіп келдік дейді. Олардың сөзіне сенсек, агенттік таңертең несиесі бар 50 шақты адамды қабылдаған, бәрі мәз болып шыққан. 

 

6 желтоқсанда тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай бір тұрғынның несиесі кешірілген деп хабарлаған еді. Агенттіктегілер бұл жалған ақпарат дейді. Ал Мамай ешқандай ақпарат таратпадым деп жауап берген Vласть-қа. 

 

— Кеше әлеуметтік желілер мен WhatsApp чаттарында осы мәселе туралы айтқан әйелдің хабарламасы тарады, — дейді ол.

 

Несиелілер агенттік таратқан қағаздарды толтырды. Басқарма бұл құжаттар неге қажет екенін айтпады.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

09/12/2021 14:38
36857 0

Уведомление