Алматыда журналист Айсұлу Тойшыбек пикетке шықты


27/02/2024
15:17 8129 0

Фото: Власть.кз

 

Алматыда журналист Айсұлу Тойшыбек 8 наурызда әйелдер маршын өткізуге рұқсат беруді талап етіп, жалғыз адамдық пикетке шықты. Бұл жөнінде Власть басылымы хабарлады. 

 

– Мемлекет біздің болып жатқан оқиғаларға қызығушылық танытпағанымызды және бей-жай қарағанымызды қалайды. Сондықтан біз, керісінше, саяси процестерге араласып, белсенді болып, қолымызда бар нәрсені жасауымыз керек, – деді ол.

 

Бұдан бөлек ол «егер біз қауіпсіз елде өмір сүргіміз келсе, онда мемлекет өміріне әртүрлі жолдармен қатысуымыз керек, бірақ ешқандай жағдайда пассивті бақылаушы болып қалмауымыз керек» деді. 

 

Бұған дейін феминистік белсенділер Алматы қаласының әкімдігі 8 наурызда әйелдер маршын өткізуге рұқсат бермегенін мәлімдеген. Олар бірнеше рет рұқсат беруді талап етіп, бірнеше рет жалғыз адамдық пикетке шыққан. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/02/2024 15:17
8129 0

Уведомление