Алматыда Жанболат Мамай бір адам пикетіне шықты
Ол парламент сайлау қорытындысына қарсы
Фото: vlast.kz
15 қаңтарда Алматыда тіркелмеген Демократия партиясы жетекшісі Жанболат Мамай бір адам пикетіне шықты. Республика алаңына шыққан ол Мәжіліс сайлау қорытындысының бұрмаланғанына наразы, заңсыз құрылған парламент тарқатылсын дейді. Мұны Vласть хабарлады.
Осы күні парламенттің біріккен отырысы өтті. Онда президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға жаңа реформалар жасауды ұсынды. Сондай-ақ сол жиында жаңа сайланған Мәжіліс депутаттары ант қабылдап, жұмысын бастады.
Мәжіліс сайлау 10 қаңтарда өтті. Сол күні Демпартия жақтастары мен Oyan, Qazaqstan қозғалысы Алматыда сайлауға бойкот жариялап, митиң өткізді. Арнайы жасақ оларды қоршап алып, бірнеше сағат бойы аязда ұстады.
Пікірлер жоқ.