Алматыда құқық қорғаушы әділет басқармасының алдында пикетке шықты

Ол адвокат қызметі туралы жаңа заңнамаға наразы


23/02/2021
15:17 44587 0

Фото: vlast.kz

 

«Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ басшысы Амангелді Шорманбаев Алматының әділет басқармасының алдына барып, мақұлданған пикетке шықты. 

 

Құқық қорғаушы адвокат қызметі мен заңгер көмегі туралы заңға енгізілетін түзетулерге наразы. Қазір бұл заң жобасын Сенат депутаттары қарап жатыр.  

 

Шорманбаевтың айтуынша, бұл заң жобасы бойынша заңгерлер палатасына кемінде 200 заңгер мүше болуға тиіс. Әйтпесе кеңсе жабылып қалуы мүмкін. Қазір оларға 50 заңгер мүше болса жеткілікті. Одан бөлек, құқық қорғаушы палата қажеті үшін 1 АЕК көлемінде жарна мен басқа да жарна төлеуге қарсы. 

 

Оның сөзінше «Халықаралық құқықтық бастама» қоры заңгер, құқық қорғаушылар мүддесі мен бірлестік болып бірігу еркіндігін қорғау үшін БҰҰ арнайы баяндамашыларына, Сенат пен президентке үндеу жолдамақ.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

23/02/2021 15:17
44587 0

Уведомление