Алматыда QazaqKoktemi арт тобы «Шындық» мемориалын орнатты
Онда Қазақстан тарихында болған қанды оқиғалар жазылған

Жібек Жолы метро станциясынан жоғары, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде орнатылған. Куб тәріздес мемориалдың бір жақ бетінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеленген. Екі бейненің ортасында тәуелсіз Қазақстан тарихында болған қанды оқиғалар мен саяси себеппен қаза тапқан адамдардың аттары қызыл-қара түспен жазылған.
Мемориалмен қатар Rukh2k19 инстаграм парақшасында #QazaqKoktemi арт тобының мәлімдемесі де жарияланды. Онда жақында 15 адамның өмірін қиған Абай облысында болған өрт жөнінде, елдегі саяси жағдай, тағайындалатын әкімдер, қорлық пен зорлық көрген халық жөнінде жазылған.

Пікірлер жоқ.