Алматыда әкім Сағынтаевты отставкаға жіберуге үндейтін баннер пайда болды. Авторы ұсталған

«20 мың адам www.otinish.kz-тегі петицияға қол қойып үлгерді. Біз қала әкімдерін халық сайласа екен дейміз»


15/01/2022
12:20 36183 0

Фотоны Қазақстан жастары ақпарат қызметінің Instagram парақшасынан алдық.

 

15 қаңтарда Алматының әл-Фараби және Қожанов көшелері қиылысындағы көпірде Сағынтаев отставкаға кетсін деген (#Сагинтаевавотставку) ұзындығы бес метр баннер пайда болды. Онда әрі «20 мың адам www.otinish.kz-тегі петицияға қол қойып үлгерді. Біз қала әкімдерін халық сайласа екен дейміз» деген жазу бар. Мұны Қазақстан жастары ақпарат қызметі хабарлады

 

Баннердің авторы Данияр Жұмаділов хабарламада былай деген: 

 

«Мен Алматы тұрғыны ретінде Сағынтаевты әкім деп білгім келмейді, пайдасыз жетекші деп санаймын. Болған жайттардан кейін оның мұндай жоғары лауазымда қалуға моральдық құқығы жоқ. Қазір Алматы мен бүкіл Қазақстанда әкімдерді мажоритар жүйеге сай сайлауға жақсы мүмкіндік туып отыр. Халық сайлаған әкім қала игілігі үшін қызмет етеді».  

 

Қазақстан жастары ақпарат қызметі полиция оны ұстап, Бостандық полиция департаментіне алып кетті дейді. 

 

Бұрын Алматы тұрғындары қала әкімі Бақытжан Сағынтаев отставкаға кетсін деп петиция ұйымдастырған еді. Оған 25 мыңға жуық адам қол қойды. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

15/01/2022 12:20
36183 0

Уведомление