Алматыда белсенділер Мәжіліс сайлауына қатысу үшін саяси блок құратындарын мәлімдеді
Саяси блок «Алтыншы Қаңтар» деп аталады. Бұл атау Қанды Қаңтар оқиғасына байланысты таңдап алынған
Фото: Азаттық радиосы
Журналистер Думан Мұхаммедкәрім, Динара Егеубаева тәуелсіз бақылаушы Арайлым Назарова және азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев Мәжіліс сайлауына қатысу үшін саяси блок құратынын мәлімдеді.
Динара Егеубаеваның сөзінше, саяси блок «Алтыншы Қаңтар» деп аталады. Бұл атау Қанды Қаңтар оқиғасына байланысты таңдап алынған. Блокқа өзге де тәуелсіз кандидаттардың қатысуға есік ашық.
Белсенді Әлнұр Ильяшев құрылып жатқан блоктың ең басты мақсаты – мәжіліс сайлауына қатысқысы келетін адамдарға үлгі көрсету.
– Біз мәжіліске ғана емес, мәслихат сайлауына да қатысқысы келетін үміткерлерге көмектесуді, консультативтік қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Тәуелсіз кандидаттар көп болған сайын, Мәжіліске өту мүмкіндігі де көп болады, – деді Ильяшев.
Журналист Думан Мұхаммедкәрім блок партияларын тіркете алмай жүрген саяси белсенділерге де қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Пікірлер жоқ.