Алматыда белсенді Мадина Көкетаева 15 тәулікке қамалды


25/01/2024
12:39 8186 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Белсендіні Алмалы аудандық полиция басқармасында 19 cағат ұстаған. Оған «Бейбіт жиын тәртібін бұзу» бабы бойынша айып тағылған. Мадина Көкетаеваға 2023 жылы 19 қыркүйекте «Әуежай ісі» бойынша 4 жылға сотталған Әйгерім Тілеужанның соты алдындағы «наразылық үшін» айыптаған. 

 

– Мені құдды қылмыскер сияқты 19 сағат бойы Алмалы аудандық полициясында ұстап отыр. Тамақсыз. Ұстау кезінде күш қолданылды. Денем көгерген. Барлық медициналық құжаттар бар. Бірақ судья оған мән бермей отыр. Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында болдым. Барлық анализдерді алды. Полиция қызметкерлері менімен бірге дәрігерлерге кірді. Менде тромбоцит, қан қысымы бар болса да, мені ауруханаға жатқызуға негіз жоқ деп таныды. Кез келген уақытта инфаркт болуы мүмкін... Тоқаев қаладан кетпейінше мені олар жібермейін деп тұр, – деді белсенді Азаттық радиосына берген сұхбатында.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапармен 2қаңтарда Алматы қаласына келген. Оның 25 қаңтарда қалалық әкімдік ғимаратында жиын өткізетіні жөнінде ақпарат тараған. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

25/01/2024 12:39
8186 0

Уведомление