Алматыда атыстан бес адам қаза тапты
Екеуі — полицей

Фото: fakty.com.ua
20 қыркүйекте Алматыдағы «Ақбұлақ» шағынауданында атыс болып, бес адам көз жұмды. Екеуі — полицей дейді «Азаттық радиосы».
Полицияға сенсек, сағат 17:00 шамасында 1967 жылы туған Д. есімді азамат үйден шығару туралы сот шешімін орындатуға келген сот орындаушысы мен полиция қызметкерлеріне оқ атқан.
Бес адам қаза тапқан. Екеуі — полицей: майор Дархан Сүлеев пен капитан Нұрбол Байғазиев. Мерт болған үшінші адам — сот орындаушысы, қалғандары кім екені әзірге белгісіз.
Полиция күдіктіні ұстағанын, жағдайды бақылап отырғанын айтады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.
Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз.

Пікірлер жоқ.