Алматыда Қаңтар оқиғасына арналған пантеон салынады
Құрылыс президент тапсырмасына сай жүзеге аспақ

Фото: kazakhstan.travel
Алматы әкімдігі Қаңтар оқиғасына арналған пантеон салмақшы. Мұны қала әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады дейді ҚазТАГ.
— Жуырда Қаңтар оқиғасына арналған болашақ пантеонның жоспарын жасап шығаруға байқау жарияланады, — деді Сағынтаев шығын көрген бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан ары дамыту жөніндегі қала штабының отырысында.
Әкім пантеон президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай салынады дейді.

Пікірлер жоқ.