Алматыда қамаудағы «Oyan Qazaqstan» белсенділері бостандыққа шықты

Олар 15 тәулікке қамалған


22/05/2023
11:05 16436 0

Мамырдың 21-інен 22-іне қараған түні 15 тәулікке қамалған белсенділер Дархан Шәріп пен Влада Ермольчева бостандыққа шықты. Полиция оларды 6 мамырда тұтқындаған. Сот сол күні түнде өткен. 

 

Белсенділерді изолятор алдынан жақтастары мен журналистер күтіп алды. 

 

Дархан Шәріп былтырғы жылдың қарашасында өткен бейбіт жиынға қатысқаны үшін айыпталған. Ал Влада Ермольева наурызда «Бізден сайлау ұрланды» деген плакатпен пикет өткізгені үшін қамауға алынған. Белсенділер өздеріне тағылған айыппен келіспейді. 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

22/05/2023 11:05
16436 0

Уведомление