Алматыға Қаңтар оқиғасы мен Жанболат Мамайдың ісін тергеу бойынша Ұлыбритания комиссиясы келді

Олар Қаңтар құрбандарымен кездесуді жоспарлауда


16/01/2023
15:09 21045 0

Фото: Инга Иманбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

 

Алматыға Қаңтар оқиғасы мен тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайдың ісін тергеу бойынша Ұлыбритания парламенттік комиссиясы келді. Бұл жөнінде саясаткердің жұбайы Инга Иманбай хабарлады. 

 

– Бүгін Алматыға Қаңтар оқиғасын және Жанболат Мамайды қылмыстық қудалау ісін тергеу бойынша Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Кен Макдональд (Lord Macdonald KT KC of River Glaven) бастаған Комиссия өкілдері келді. Комиссия құрамында халықаралық құқықтық көмек көрсету компаниясы Bindmans LLP жетекшісі Тайаб Али мен басқа да арнайы мамандар келіп жетті.  Бірнеше күннен кейін Алматыға Комиссияның тағы бір мүшесі - Ұлыбритания парламент депутаты сэр Роберт Бакленд те ат басын бұрмақ, – деп жазды Иманбай әлеуметтік желіге. 

 

Оның сөзінше, комиссия мүшелері Алматыда құқық қорғаушы, журналисттер, Жанболат Мамай және Қаңтарда азапталғандар мен оққа ұшып қаза тапқандардың туыстарымен кездесуді жоспарлауда. 

 

– Бірнеше күннің ішінде Комиссия мүшелері Қаңтар оқиғасына қатысушылармен, азаптау құрбандарымен, қасіретті күндері туған-туысынан айрылғандармен және бірқатар құқық қорғаушылармен, журналистермен де кездеспек. Сонымен бірге, Комиссия өкілдері қазіргі таңда үй қамақта отырған Жанболат Мамаймен де сөйлесуді жоспарлап отыр. Бұған байланысты Мамай тарабы сотқа арнайы қағазды да жолдады. Одан бөлек, Комиссия Астанаға барып, Қазақстанның лауазымды өкілдерімен де кездеспек. Осы аптада Алматыда Комиссия өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізбек, – делінген Иманбайдың жазбасында. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

16/01/2023 15:09
21045 0

Уведомление