Алматы тұрғыны үш баласымен бірге 9-қабаттан секірген. Төртеуі де көз жұмды

Полиция «Өзіне қол салуға итермелеу» бабына сай із қозғады


23/11/2021
12:35 37047 0

Фото: domofoto.ru

 

Алматыда 28 жастағы әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп, қаза тапты, балалар да мерт болды дейді Алматының полиция департаменті.

 

— Оқиға Жетісу ықшамауданындағы көп пәтерлі үйде болды. Әйел мен оның үш баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп, мерт болды. Балалар 2015, 2016 және 2019 жылдары туған. Әйел мен екі бала сол жерде, үшіншісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 105-бабына («Өзіне қол салуға итермелеу») сай іс қозғалды, — дейді департаменттің баспасөз қызметі. 

 

Полицияның болжамына сенсек, суицидке тұрмыстағы жанжал түрткі болған. Әйел секірер алдында хат қалдырып кеткен. Істің анық-қанығы зерттеліп жатыр. 

 

Оқиға болған үйдің тұрғынының айтқанына қарағанда әйел әуелі балаларды лақтырған, кейін өзі секірген.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

23/11/2021 12:35
37047 0

Уведомление