Алматы полициясы Қытай консулдығының алдында наразылыққа шықпақ болған белсенділерді ұстап әкетті
Бұл белсенділер акцияға шығып жүргеніне 298 күн болды
Фото: vlast.kz
2 желтоқсанда Алматы полициясы Қытай консулдығының алдында наразылыққа шықпақ болған белсенділерді ұстап әкетті. Шыңжаң лагерінде отырған туыстары босатылсын деп талап етіп жүргендер Республика сарайының алдында отырды.
Полиция өкілі оларды әкімдік мақұлдамаған митиң ұйымдастырды (Қылмыстық кодекстің 488-бабы) деп алып кетті. Блогер Нұрәлі Айтеленов түсірген тікелей эфирден белсенділер жай отырғанын, кейбірі журналистерге сұхбат беріп жатқанын көруге болады.
Еске сала кетейік, бір топ белсенді 298 күннен бері Қытайдың Алматы консулдығының алдында барып, наразылық акциясына шығып жүр. Бәрі Шыңжаң лагерінде отырған туыстары босатылсын дейді. Қытай консулдығы бірде-бір рет бұған қатысты пікір бермеді.
Акция басталғаннан бері наразылардың үстінен бірнеше рет іс қозғалды: айыппұл салынды, изоляторға қамалды.
Пікірлер жоқ.