Алматы облысындағы шекара бөлімшесіне Назарбаевтың есімі берілді
Бөлімшенің бұрынғы атауы — Баянқол

Фото: mail.kz
Алматы облысындағы «Баянқол» шекара бөлімшесіне бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді — үкімет қаулысында осылай жазылған.
— «Баянқол» шекара бөлімшесінің атауы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын, — делінген қаулыда.
Қазақстанда түрлі объектіге Елбасы атағы бар Назарбаевтың атын беру үйреншікті нәрсе. Қазір дүниежүзінде оның атындағы 60-тан аса объект бар.

Пікірлер жоқ.