Алматы әкімдігі: Сағынтаев отставкаға кеткен жоқ
Қала әкімшілігі әлеуметтік желіде тарап жүрген хабар рас емес дейді

Фото: syr-media.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отставкаға кеткен жоқ, әлеуметтік желіде тарап жүрген ақпарат рас емес дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
— Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыста, өзіне жүктелген міндетін орындап, Алматы өмірін қалпына келтіру мәселелерін шешіп жатыр, — дейді әкімдіктегілер.
Еске салайық, 13 қаңтарда әлеуметтік желіде «Сағынтаев отставкаға кетті» деген хабар тарады.
Оның алдында Алматы тұрғындары шенеуінік отставкаға кетсін деген петиция ұйымдастырды. Оған 22 мыңдай адам қол қойды.

Пікірлер жоқ.