Танымал тегтер

67-ші «Грэмми»: кімдер жеңді, кімдер қызыл кілемнен қуылды

Лос-Анджелестегі салтанатты жиынған қалай әсер етті


12/02/2025
18:51 447 0

 

Masamedia.kz коллажы

 

Отқа оранған «Періштелер қаласы»

 

Лос-Анджелесте 67-ші «Грэмми» музыкалық марапатын табыстау рәсімі өтті.

 

Биыл қалада болған алапат өртке байланысты «Грэмми» марапаты әдеттегідей сән-салтанаттан бас тартып, қарапайым түрде өтті. Гламур кештер мен  қабылдаулар ұйымдастырылған жоқ.

 

Бейонсенің «Үздік альбом» номинациясындағы жеңісін жариялау үшін Лос-Анджелес өрт сөндірушілері сахнаға шықты. Залда отырғандар оларға бірнеше минут бойы қол соғып, құрмет көрсетті.

 «Жылдың үздік жазбасы» аталымында Кендрик Ламардың "Not Like Us" композициясы жеңіске жетті.

«Бұл марапатты қалаға арнаймыз», – деді Кендрик Ламар, Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккен бірнеше аудандарды атап.

3Билли Айлиш "Birds Of A Feather" әнін орындаған соң, сөзін: "Мен сені жақсы көремін, Лос-Анджелес" деп аяқтады.

Леди Гага мен Бруно Марс The Mamas & Papas тобының "California Dreamin'" әнін орындап, әнді төтенше жағдайлар қызметкерлеріне арнады. Олар орман өрті кезінде көмек көрсеткен жандарға алғыс білдірді.

 

Бейонсе алғаш рет «Үздік альбом» номинациясында жеңіске жетті

 

Америкалық әнші Бейонсе кантри жанрындағы Cowboy Carter альбомы үшін «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды. Бұл марапат оның шығармашылық жолындағы маңызды жетістіктерінің бірі болды.

 

Cowboy Carter альбомы Тейлор Свифт, Билли Айлиш, Charli XCX сияқты танымал әртістердің альбомдарын басып озды.

 

«Грэммидің» биылғы жеңімпаздары:

Жыл альбомы: COWBOY CARTER – Beyoncé

Жыл жазбасы (запись): Not Like Us – Kendrick Lamar

Жыл әні: Not Like Us – Kendrick Lamar

 

Үздік жаңа орындаушы: Chappell Roan

Жыл продюсері: Daniel Nigro

Жыл авторы (Songwriter): Amy Allen

7.Үздік жеке орындау: Espresso – Sabrina Carpenter

Үздік дуэт: Die With A Smile – Lady Gaga & Bruno Mars

Үздік поп-альбом: Short n' Sweet – Sabrina Carpenter

 

Үздік латын поп-альбомы: Las Mujeres Ya No Lloran – Shakira

Үздік R&B альбом: 11:11 – Chris Brown

Үздік музыкалық бейне: Not Like Us – Kendrick Lamar

 

Үздік рок орындау: Now and Then – The Beatles

Үздік кантри-дуэт: II MOST WANTED – Beyoncé және Miley Cyrus

Үздік ремикс: Espresso (Working Late Remix) – Sabrina Carpenter

 

Үздік би-электронды альбом: brat – Charli XCX

Үздік рэп-альбом: Alligator Bites Never Heal – Doechii

 

 «Грэммидегі» елді елең еткізген оқиғалар

 

«Грэмми» марапатының басқа да жеңімпаздарының қатарында аңызға айналған The Beatles тобы да бар. Топтың тарағанына 55 жыл өтсе де, олардың "Now And Then" атты әні «Үздік рок орындау» номинациясында жеңіске жетті. Бұл ән Джон Леннонның демо жазбалары негізінде жасалып, жасанды интеллект көмегімен өңделген.

 

The Weeknd төрт жылдық бойкоттан кейін күтпеген жерден сахнаға шықты. Ол 2021 жылы "Blinding Lights" альбомының айырықша жетістігіне қарамастан, бірде-бір номинацияға ұсынылмағаны үшін төрт жыл бойы «Грэмми»-ге бойкот жариялаған еді.

 

Канье Уэст пен оның әйелі Бьянка Цензори салтанатты рәсімнен шығарылып тасталды. Бьянканың ашық киім  үлгісі ұйымдастырушыларға ұнамаған.

 

Әнші Канье Уэст әйелі Бьянкамен бірге қызыл кілемде бой көрсетті. Рэпер классикалық қара костюм киген болса, оның әйелі тон киіп келген.

 

Бьянка тонын шешкенде оның лыпысыз, жалаңаш тұлғасын көресіз. Мөлдір матадан киген көйлегі көрінер көрінбес болып тұр.

 

Куәгерлердің айтуынша, Бьянканы полиция қызметкерлері күйеуімен бірге рәсімнен шығарып жіберген. Себебі ұйымдастырушыларға оның ашық киімі ұнамаған.

 

Айта кетейік, Канье Уэст бұл кеште «Үздік рэп әні» номинациясы бойынша ұсынылған болатын.

 

 «Грэмми» марапаты туралы қызықтар

 

Музыка әлемнің «Оскары» саналатын «Грэмми» марапатына қатысты елең еткізер оқиғалар:

 

Алғашқы жеңімпаздар:

 

Бірінші рәсім 1959 жылдың 4 мамырында өтті. Сол кезде атақты Фрэнк Синатра номинацияға ұсынылғанымен, жеңіске жете алмады. Ал алғашқы лауреаттар Элла Фицджеральд пен Доменико Модуньо болды.

 

Абсолютті рекорд иегері:

 

Бейонсе – «Грэмми» тарихындағы ең көп марапатқа ие болған әртіс.

 

Ең көп номинация алғандар:

 

Джей-Зи мен Бейонсе – «Грэмми» марапатында ең көп номинацияға ұсынылған орындаушылар.

 

Көп күткен жеңіс:

 

Дайана Росс алты рет номинацияға ұсынылып, бірақ ешқашан жеңбеген. Тек 2012 жылы ол музыкаға қосқан үлесі үшін құрметті марапатқа ие болды.

 

Ең қарт жеңімпаз:

 

Пайнтоп Перкинс атты блюз музыканты 97 жасында жеңіске жетіп, тарихтағы ең егде жастағы лауреат атанды.

 

"Үнсіздік" үшін берілген номинация:

 

2003 жылы композитор Джон Кейдждің "4'33"" атты ерекше шығармасы номинацияға ұсынылды. Бұл шығармада музыканттар сахнада ешқандай дыбыс шығармай, үнсіз отырады.

 

Сөзсіз ән:

 

1959 жылы The Champs тобының "Tequila" атты аспаптық композициясы  «Грэмми» жеңіп алған алғашқы сөзі жоқ ән болды.

 

 Ең ұзақ жеңімпаз ән:

 

Боб Диланның "Like a Rolling Stone" әні 6 минут бойы шырқалып, марапат алған ең ұзақ ән ретінде тарихта қалды.

 

Марапаттан бас тарту:

 

1991 жылы әнші Шинейд О'Коннор «Грэмми» марапатынан бас тартқан алғашқы әртіс болды. Ол бұл әрекетін музыкалық индустриядағы "жалған әрі материалистік құндылықтарға" қарсы наразылық ретінде жасаған.

 

«Грэммисіз» қалған ең танымал хит:

 

Әлемдік рекордтарды жаңартқан "Despacito" әні миллиондаған тыңдалымға ие болғанымен, бірде-бір «Грэмми» марапатын жеңіп ала алмады.

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

12/02/2025 18:51
447 0

Уведомление