2022 жылдан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 60 мың теңге болмақ
Қазір 42 500 теңге
Фото: liter.kz
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы көлемі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеріледі. Халыққа арнаған жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп үкіметке тапсырма берді.
— Ең төмен жалақы көлемі (ЕТЖ) 2018 жылдан бері көтерілмеді. Дүниежүзіндегі коронадағдарыс халық жағдайын ушықтырды. Оған қоса, ең төмен жалақы жағынан Қазақстан ТМД-да бірнеше елден қалып қойды. Сондықтан ЕТЖ көлемі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60 мың теңгеге дейін көтерілсін, — деді президент.
Қазір Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері — 42 500, яғни ешбір жұмысшының жалақысы осыдан төмен болмауға тиіс.
Пікірлер жоқ.