2021 жылы Қазақстанда есірткі қылмысы 8,5 % өсті
Ералы Тоғжанов есірткі қылмысын болдырмауға қатысты бірнеше тапсырма берді

Фото: inform.kz
Биыл Қазақстанда есірткі қылмысы 8,5 % өскен. Мұны премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы кеңесте айтты.
«Қазір есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті боп тұр. Өкінішке қарай, жаңа синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбі — жастар. Биылдың өзінде елімізде 5 мың есірткі қылмысы анықталды, өсім 8,5 % болды. Осы бағытта күресу үшін жүйелі түрде шаралар атқаруымыз қажет», — деді Тоғжанов.
Соған байланысты премьер-министрдің орынбасары құқық қорғау органдарына бірнеше тапсырма берді:
- интернеттегі есірткі саудасын болдырмау;
- нашарқорларды емдеу тәртібін жетілдіру;
- есірткі диспансерлерін дұрыстап жабдықтау;
- шетелден есірткі тасымалдауға жол бермеу;
- осы шараларды тиімді атқару үшін ведомствоаралық топ құру.

Пікірлер жоқ.