1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді
Алдыңғы съезд үш апта бұрын өткен еді
Фото: vlast.kz
1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXІІ съезі өтеді дейді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
Оның сөзінше, жиынға барлық өңірден делегаттар келеді. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушылармен бірге ұйымның жұмысын жаңарту мәселесін талқылайды.
Nur Otan-ның алдыңғы кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өткен еді. Онда Тоқаев партия төрағасы болып сайланды. Кейін президент партияның жұмысын тез арада жаңарту керегін айтты.
Пікірлер жоқ.