Неге әйелдерге арналған тауарлар қымбаттырақ тұрады?

Былтырғы қарашада Twitter және TikTok желілерін қолданушылар Clinique косметикалық брендінің әйелдер мен ерлерге арналған ылғалдандырғыш кремдерді талқыға салған еді. Кремдердің құрамы бірдей болса да, әйелдерге арналған крем ерлердікіне қарағанда екі-үш есе қымбат сатылады. 


 


«Әйелге арналған» тауарлардың «еркекке арналғандарға» қарағанда қымбатырақ болуы «қызғылт салық» деп аталатын мысал. Мұндай тенденция бұрыннан бері зерттеушілер мен белсенділердың талқысына негіз болып келеді.




«Әйелдерге арналған» өнімдер расымен қымбатырақ па?

 

Иә, көбіне қымбат болады.

 

«Қызғылт салық» (ағылшынның pink tax) туралы әңгімелер Батыста 1990 жылдары айтыла бастады. 1994 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында бағаға қатысты зерттеу жүргізіліп, әйелдер жыл сайын еркектерге қарағанда түрлі қызмет пен тауарға 1 351 доллар артық жұмсайтыны анықталды. 

 

Мәселенің талқылануы 2015 жылы жаңа зерттеу түрткі болды. Нью-Йорк қаласының тұтынушылар департаменті қала шығындарындағы гендерлік айырмашылықтар туралы статистика шығарды. Нәтижеге сенсек, «әйелге арналған» өнімдер «ерлерге» немесе жыныссыз өнімдерге қарағанда орта есеппен 7% қымбат болып шықты. Содан кейін АҚШ-тың кейбір штаты әйелдер мен ерлерлер ұқсас тауар мен қызмет ұсына отырып, әртүрлі баға қоюға тыйым салды. 

 

Business of Fashion сарапшылары сән брендтеріне ерлердікіне қарағанда әйелдер киімі қымбатырақ екенін анықтады. Түрлі деректер бойынша Канада мен Францияда әйелдер гендерлік белгісі бар тауарлар мен қызметтер үшін екі есе көп төлесе, Ұлыбританияда бұл баға айырмашылығы бақандай 37%-ға жетеді.

 

Ал әйелдер ерлерге қарағанда көбірек жалақы ала ма? 

 

Өкінішке орай, жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне сенсек, дүниежүзінде ерлер мен әйелдердің жалақы айырмашылығы орташа алғанда 16 %. Қазақстанда бұл көрсеткіш 25 % болған.

 

Онда неліктен әйелдер ерлерге қарағанда көп төлейді? 

 

Бұл сұраққа нақты жауап жоқ.

 

Өндірушілер баға айырмашылығына әйелдер арасындағы жоғары сұраныс пен өндіріс шығыны себеп дейді. Бірақ жуынуға арналған гель, «әйелге» тән хош иісі бар сусабын мен қызғылт түсті скутер ақы өндірісіне қалай әсер ететіні түсініксіз. 

 

Феминистер жұртты мұндай дискриминацияға қарсы шығуға, тауарларды гендеріне қарай бөлуден бас тартуға үндейді. Тіпті дүниежүзінде «қызғылт салыққа» қарсы Pink tax қозғалысы бар.

 

Әйелге арналған тауарды сата отырып, жұрт назарын мәселеге аударатын ірі компаниялар бар. Мысалы, 2018 жылы Burger King фаст-фуд желісі мынадай науқан өткізген: ерлер мен әйелдерге арналған бір тағамды әртүрлі пакетке орап сатты. Қызғылт қорапқа салынғаны бірнеше есе қымбат болған. Бұған әйел сатып алушылар наразы болды. Кейінірек компания бұл акцияның мақсаты — жұртты әйелдер тауарлары негізсіз қымбат болатына назар аударту деп түсіндіріп, «қызыл салықпен» күресуге шақырды.

 

Көбінесе «әйелге арналған» тауарлардың жоғары бағасы еш себепсіз қойылады — қызғылт түсті тауарлар қызғылт болғаны үшін қымбат болады. Мысалы, бірнеше жыл бұрын BIC қаламдар шығарғанда ішіне қызғылт түсті «қыз баласына арналған» деп жазылған қаламды негізсіз қымбатқа сатқан. Бағасы әдеттегіден 12 доллар артық болған. Кейін осы қылығы үшін компания сынға ұшырап, мазаққа қалды.

 

Біз косметика, тері күтімі өнімдері мен қызметтері туралы айтатын болсақ, онда әйелдер әлеуметтік қысым мен сұлулық туралы стереотиптердің кесірінен еркектерге қарағанда онсыз да көбірек ақша жұмсайды. Өйткені әйелдер «әрдайым сұлу әрі әдемі болуы керек».

 

Қазақстандағы жағдай қалай?

 

Біздің елде арнайы зерттеулер әлі жүргізілген жоқ.

 

Көршілес Ресейде Wonderzine басылымы кейбір өнімнің бағасын тексеріп, әйелдерге арналған ұстаралар, қырыну көбіктері мен жууға арналған гельдер ерлердікіне қарағанда қымбатырақ екенін анықтады. Бірақ көптеген санатта, керісінше, «ерлерге арналған» тауарлар қымбатырақ сатылған.

 


07/03/2022 12:01 3269 0
Автор: masa.media

Редактор: masa.media

07/03/2022
12:01 3269 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление