Заң клиникасы деген не? Кімдерді «емдейді»?

Көптеген елдің университеттерінде заң студенттері құрған заң клиникалары бар. Қазақстанда да солай. Мұндай «емханалар» не үшін қажет? Кімдерді «емдейді»? Айтып берейік.




Заң клиникасы деген — заң факультеттері тегін заң кеңесін беру үшін құратын ұйым. Онда заң студенттері тәлімгер, оқытушы, заңгерлердің бақылауымен халыққа заң жағынан көмек беріп, тәжірибе жинайды, заңгер этикасын үйренеді, нағыз сот істері қандай болатынын көреді. 

 

Мұндай ұйым алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 жылдары Қазан университетінде ашылды. Оны ұйымдастырған — атақты заңгер, ғалым Дмитрий Мейер. Ол студенттердің теория жүзінде алған білімі шын өмірде жарамайтынын айтып, заң клиникасы деген ұғымды енгізді. 

 

Ол бұл ұйымдарды клиника деп атағанда болашақ дәрігерлер тәжірибе жинайтын емханаларды меңзеген. 

 

Олар қайда бар? 

 

Заң факультеті бар университеттерде. Мысалы, әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Д. Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы, KIMEP, KazGUU. 

 

Жалпы, тегін заң көмегін алам десеңіз, қалаңыздағы заң факультеті бар универститетке хабарласыңыз. 

 

Онда заң клиникасы жоқ болса, өзге қаладағы университеттерге хабарласып, қашықтан кеңес беріп-бермейтінін білсеңіз болады. 

 

Ол жерге кімдер бара, қандай көмек ала алады? 

 

Қазақстанда мұндай көмек Ресейдегідей заң арқылы реттелмеген. Сондықтан клиникалар кімге жәрдем беретінін өздері шешеді. Көбіне олар тұрмысы төмендерге көмектеседі. 

 

Ал қызметтер түрі әртүрлі. Көбіне адвокат қажет етпейтін, азаматтық істер, отбасы, баспанаға қатысты мәселелерде көмек береді. Мәселен, жалақы мен алимент өндіріп алу, үйді заңсыз құлату, ажырасу.


07/12/2021 14:38 3301 0

07/12/2021
14:38 3301 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление