Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық тергеулер қызметі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің айырмашылығы неде?

Экономикалық тергеулер қызметі (ЭТҚ) мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі — құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ешқандай билікке жатпайды.




ЭТҚ сотқа дейінгі экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықты тергейді. Олар:

 

  • салықтан жалтару;
  • заңсыз кәсіпкерлік;
  • заңсыз ойын бизнесін құру;
  • әдейі не өтірік банкрот болу;
  • акциз тауарларын, мұнай және оның өнімдерін заңсыз сату, алу;
  • жалған ақша шығару;
  • экономикалық контрабанда;
  • есірткі және басқа да тыйым салынған заттар контрабандасы; 
  • мемлекет ақшасын жымқыру. 

 

Ал Сыблайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бар саладағы сыбайлас жемқорлықты тергейді, мониториң жасап, жемқорлықты болдырмаумен айналысады (мысалы, TikTok-ге видео түсіреді) :) 

 

ҰҚК-нің құзыреті бұларға қарағанда үлкенірек. Ол көбіне мемлекетке, адамдар өміріне қауіп төндіретін істермен айналысады. Мысалы: 

 

  • теракты;
  • соғыс ашуға үгіттеу;
  • жаппай қыруға арналған қаруларды өндіру, сақтау;
  • мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияны жария ету;
  • тыңшылық;
  • президент пен Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне қауіп төндіру, олардың қадір-қасиетін таптау;
  • сепаратизм;
  • қарулы бүлік шығару және тағы басқаны анықтау, тергеу және болдырмау.

 

Сонымен қатар комитет ел шекарасын күзетуге, қорғауға және барлауға, азаматтық беру процесіне қатысады. 

 

ЭТҚ Қаржы министрлігіне қарайды, ал ҰҚК мен агенттік тек президентке бағынады, соған есеп береді.

 


09/11/2020 10:07 4447 0

09/11/2020
10:07 4447 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление