Қазақстанда балаға анасының атын беруге бола ма?

Жоқ, болмайды. 




Қырғызстанда жалғызбасты ана Алтын Қапалова балаларының құжатынан әке атын алып тастап, өз атын берген. Енді онда қызы — Алтынқызы, ал ұлы — Алтынұлы деп жазылып тұр. 

 

— Әкелері олардың тәрбиесіне еш араласпады, көңіл бөліп, бір тиын да шығармады, — дейді Алтын «Азаттық радиосына». 

 

Бірақ кейін сол құжатты тіркеген мемлекеттік орган Алтынды сотқа берді. Сөйтсе, онда ана баласына өз атын бере алмайды екен. 

 

Ал Қазақстанда балаға анасының атын беруге бола ма? Біз анықтап көрдік.

 


 

Жоқ. Неке және отбасы туралы кодекстің 63-бабына сай, балаға тек әкесінің не әкесі боп көрсетілген ер адамның аты беріледі. 

 

Ал баланың ата-анасы кім екені белгісіз болса, оған қамқор болған орган не медицина мекемесі ат қойып, әке атын береді. 

 

Балаға анасының атын беру керек пе? 

 

Беру керек деп қолдайтындар «әйел бала тууып қана қоймай, оны бағып, өсіреді, яғни оның тәрбиесіне әкесіне қарағанда әлдеқайда мол үлес қосады, олай болса анасы балаға өз атын бере алуы керек, тіпті кей ана балаларын жалғыз өзі асырап отыр» дейді

 

Мұндай бастамаға қарсы адамдар да бар. Олар «матроним берер болсақ:

 

  • бала мектеп пен қоғамда «әкесі жоқ», «некесіз туған» деген мазаққа қалады, ал бұл оның психикасына кері әсер етеді;
  • отбасында теңдік болмайды; матриархатқа жол ашады;
  • қалыптасқан құндылықтарға жат» дейді. 

Жалпы, адамдар балаға анасының есімін беруді жақында ойлап тапқан жоқ. Мұндай құбылыс бұрындары да болған. Мысалы, ХІ ғасырда өмір сүрген Дания королі Свенд ІІ шешесінің есімін алған — Эстридсон (son — ұл), Иса пайғамбарды да арабша Иса ибн Мәриям (Мәриямұлы) деп атайды. 

 

Қазір тек бірнеше елде адамдар балаларына матроним бере алады: Вьетнам, Филиппин, Индонезия және тағысын-тағы.


02/04/2021 13:34 4046 0

02/04/2021
13:34 4046 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление