Қазақстанда адам құқығы туралы видеороликтерге байқау жарияланды

Оқушылар мен студенттер түсірген үздік видеороликтер 10 желтоқсанға қарай жария етіледі


21/09/2020
11:38 46393 0

Фото: pixabay.com

Қазақстан оқушылары мен студенттері «Адам құқығы біздің көзімізбен» атты халықаралық видеороликтер байқауына қатыса алады. Байқауды Ольденбург ханзадасы Петр Георгиевич атындағы Санкт-Петербург құқық институты мен Санкт-Петербург мемлекеттік кино және теледидар институты Қазақстандағы серіктестерімен бірге ұйымдастырып отыр.

Конкурс жастардың адам құқықтары, қадір-қасиеті мен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы туралы білімін арттыруды, жастардың шығармашылық дағдысын дамытуды көздейді.

10 мен 22 жас аралығындағы балалар мен студент жастар ұйымдастырушыларға адам құқығын қорғау тақырыбында түсірген роликтерін 15 қазанға дейін жолдауы керек.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі видеороликтер 40 секундтан аспауы керек. Роликті смартфонға түсіруге болады, бірақ кадр көлденең болуы қажет. Байқау жұмысы 1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы тармақтарының бірін қамтуы керек. Халықаралық сарапшыларға ыңғайлы болуы үшін қазақ және ағылшын тілдеріндегі роликтерге орысша субтитр берген жөн. Бастапқы кадрдан бұрын видео қай жастағы адамдарға арналғаны көрсетілуі керек, мысалы, «+6», «+12». Ол үшін «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңының 9-15-баптарынан қарап алуға болады.  

Видеороликтерге қойылатын басқа да талаптарды мына жерден қарап алуға болады.

Конкурсқа өтініш беру жолдары:

1) сілтеме бойынша;

2) мына үлгіні толтырып, видео сілтемесімен бірге streetlaw2019@mail.ru поштасына жолдау;

Толық мәліметті 30pravcheloveka@gmail.com, streetlaw2019@mail.ru, kazhigulova@gmail.com электрон мекенжайларынан немесе әлеуметтік желілердегі мына парақшалардан алуға болады:

Facebook, Instagram, Вконтакте.

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

21/09/2020 11:38
46393 0

Уведомление