Қазақстан Ливанға көмек ретінде 100 мың доллар бөледі

Үкіметтің Қаржы министрлігіне берген тиісті тапсырмасы туралы қаулы жобасы жарияланды


23/09/2020
12:01 46153 0

Фото: aa.com.tr

 

Қазақстан үкіметтің төтенше резервінен Ливан Республикасына ізгілік көмек үшін қаржы бөлгелі отыр. Бұл туралы Informburo.kz министрлер кабинеті қаулысы жобасына сілтеме жасап хабарлады.

 

— Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ливан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 100 000 (жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін, — делінген қаулы жобасында.

 

Жоба қыркүйектің соңына дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылған.

 

4 тамызда Ливан астанасындағы портта жойқын жарылыс болған еді. Жалпы салмағы 2 750 тонна аммоний нитраты сақталған қойма жарылып, 220 адам қайтыс болды, 7 мыңнан астам адам жарақат алды, тағы ондаған адам әлі табылмай жатыр. Зардап шеккендерге көмек беруге Қазақстанның әскери дәрігерлері барды. Жарылыс салдарынан Қазақстанның Бейруттегі дипломатия миссиясының ғимаратына зақым келген.  

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

23/09/2020 12:01
46153 0

Уведомление