Қазақстан азаматтары 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлайды

Қазір оларды аудандық мәслихат сайлайды


25/09/2020
11:53 46524 0

Фото: zakon.kz

 

Қазақстанда өкілеті 2021 жылы аяқталатын ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын іске асыру туралы жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында айтылған.

 

Президент жарлығымен бекітілген жоспарда өкілеттігі 2021 жылы аяқталатын ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімін тікелей сайлау сол жылы өткізілуі керек екені жазылған. 

 

Жалпыұлттық жоспарда министрлер кабинетіне ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауға қатысты заңнамаға өзгеріс енгізу де жүктелген.  

 

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау керек екенін Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа арнаған жолдауында айтқан еді.

 

Қазір ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін аудандық мәслихат депутаттары төрт жылға сайлайды және қызметінен босатады.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

25/09/2020 11:53
46524 0

Уведомление