Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Қысқаша

300 сөзбен түсіндірдік


01/09/2020
15:56 2690 0

1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат пен Мәжілістің біріккен отырысында халыққа үндеу жолдады. Біз мемлекет басшысының не дегенін 300 сөзбен түсіндіріп береміз. Толық нұсқасын мына жерден оқыңыз.

 


 

  • Әлеуметтік төлемдер мөлшерін көбейту үшін 1 триллион теңге бөлінбек. 

 

  • Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады. Ол тек президентке бағынады. 

 

  • Шенеуніктер санын биыл 10, келесі жылы 15 %-ға азайтуды тапсырды. 

 

  • Жер шетелдіктерге сатылмайды деді. 

 

  • Шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға арналған жаңа құқықтық нормаларды жасауды тапсырды. 

 

— Мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласуы, олардың жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы ауыр қылмыс деп қабылдануы тиіс, — дейді ол. 

 

  • ШОБ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторға жататын орындарды жалдау ақысын жыл соңына дейін төлемейді.

 

  • Мемлекеттің ШОБ несилерінің 6 %-ға дейінгі пайыздық мөлшерін төлесін деп тапсырды. Субсидия 12 айға беріледі. 

 

  • Ұлттық банкте Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет құрылады. Оның құрамында тәуелсіз мүшелер де болады. Салық пен төлемдердің саны мен мөлшері кемиді. 

 

  • Онлайн петиция институтын құруды тапсырды. Ол арқылы азаматтар реформалар мен ұсыныстарын айта алады. 

 

  • Президентке тікелей қарасты бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құрылады. Бәсекелесті дамыту үшін мемлекет меншігінен ұлттық объектілерді алу қажет дейді. 

 

  • 2021 жылы 700 мың Біріңғай жинақтық зейнетақы қорына салымшы жинағының бір бөлігін баспана алу, оқу мен емделуге жұмсай алады. 

 

  • Мәслихат отырыстарын онлайн көрсетілу қажет деді.

 

  • Жылдың екінші жартысында медқызметкерлерге үстемақы төлеу үшін 150 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін екі есе артады. 

 

  • Жыл соңына дейін елде 13 жұқпалы аурухана салынады. 

 

  • Алты жыл бұрын жойылған Төтенше жағдайлар министрлігі қайтадан құруды тапсырды. 

 

  • Үкіметке бала көтере алмай жүргендерге арнап «Аңсаған сәби» жобасын іске қосып, ЭКО бойынша квота санын 7 мыңға, яғни жеті есе көбейтуді тапсырды.  

 

  • Ауыл әкімдерін тағайындамай, тікелей сайлауды ұсынды. 

 

  • Мемқызметкерлер, депутаттар мен судьялардың шет елде есепшотқа ие болуына, қолма-қол ақша мен бағалы заттарды сақтауына заңнама деңгейінде шектеу қою керек деді. 

 

  • Жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар әр ауылда интернет болады. 

 

  • 2021 жылдан бастап мемқызметкерлерді бағалайтын жүйе пайда болады. 

 

  • Экономиканы индустриялау мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін құрылған «Бәйтерек» пен «Қазагро» ұлттық компаниялары бірігеді.

 

Фото: ҚазАқпарат

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

01/09/2020 15:56
2690 0

Уведомление