Зейнетақы жинағының бір бөлігін емделуге қалай алуға болады?
Еңбек министрлігі түсіндірді
Фото: zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің басшысы Виктория Шегай азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігі ем-домға қалай жұмсай алатынын айтып берді. Бұны ҚазАқпарат хабарлады.
Оның сөзінше, әкімдіктер арнайы комиссия құрады. Сол комиссиялар азаматтың зейнетақы жинағын қай ауруды емдеуге жұмсайтынын нақтылап, қаражатты пайдалануға хақы бар ма, жоқ па, соны анықтайды. Ол үшін өтініш берген өзінің сол аурумен ауыратынын дәлелдеуі керек.
Комиссия мақұлдаса, жинақ бөлігі Денсаулық сақтау министрлігінің операторы арқылы өтініш берген емделетін медициналық ұйымға (шетелдік те болса) жіберіледі.
Пікірлер жоқ.