Тәжікстанның қазіргі президенті сайлауда бесінші рет жеңіске жетті
Қалған кандидаттарға сайлаушылар 8%-дан аз дауыс берген

Фото: ria.ru
Тәжікстандағы сайлауда Эмомали Рахмон жеңіске жетті. Бұл туралы РИА Новости елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бахтиер Худоерзодаға сілтеме жасап хабарлады.
— Алдын ала мәлімет бойынша президентті сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмон жеңді, оған сайлаушылардың 90,92%-ы немесе сайлауға қатысу көрсеткіші 85,39 % болғанда 3,837 миллион адам немесе 4,221 миллион сайлаушы дауыс берген, — деді Худоерзода.
Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру кезінде заң бұзылмағанын хабарлады.
Бұған дейін сайлауға 68-дегі Рахмонмен бірге парламенттің төрт депутаты қатысып жатқанын айтқан едік. Олар: Аграрий партиясының өкілі Рустам Латифзода, Экономика реформалары партиясының өкілі Рустам Рахматзода, Социалистік партияның мүшесі Абдухалим Гаффорзода және Коммунистік партияның мүшесі Миродж Абдуллоев. Сайлауда олардың әрқайсының жинаған дауысы 8 %-ға жетпеген.
Рахмон — 1994 жылдан бері Тәжікстан президенті. Ол сайлауда осымен бесінші рет жеңіске жетіп отыр.

Пікірлер жоқ.