Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон тағы да президентті сайлауға түседі
Ол елді 1992 жылдан бері басқарып келеді
Фото: Sputnik Қазақстан
Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы Тәжікстанды 28 жыл басқарған Эмомали Рахмонды президентті сайлауға кандидат ретінде ұсынды. Бұны Настоящее время хабарлады.
Одан басқа мемлекет басшысы болудан төрт адам үміткер — Рустам Латифзода (Аграрлық партия), Абдухалим Гаффоров (Социалистік партия), Саиджафар Усмонзода (Демократиялық партия), Рустам Рахматзода (Экономикалық реформалар партиясы).
Тәжікстанда президенттіктен үміткерді саяси партиялар, облыстық, қалалық және аудандық кәсіподақтар ұсына алады.
Сайлау осы жылдың 11 қазанында өтеді. Президент болған адам билікте жеті жыл отырады.
Пікірлер жоқ.