Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Қысқаша
300 сөзбен түсіндірдік
1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат пен Мәжілістің біріккен отырысында халыққа үндеу жолдады. Біз мемлекет басшысының не дегенін 300 сөзбен түсіндіріп береміз. Толық нұсқасын мына жерден оқыңыз.
- Әлеуметтік төлемдер мөлшерін көбейту үшін 1 триллион теңге бөлінбек.
- Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады. Ол тек президентке бағынады.
- Шенеуніктер санын биыл 10, келесі жылы 15 %-ға азайтуды тапсырды.
- Жер шетелдіктерге сатылмайды деді.
- Шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға арналған жаңа құқықтық нормаларды жасауды тапсырды.
— Мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласуы, олардың жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы ауыр қылмыс деп қабылдануы тиіс, — дейді ол.
- ШОБ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторға жататын орындарды жалдау ақысын жыл соңына дейін төлемейді.
- Мемлекеттің ШОБ несилерінің 6 %-ға дейінгі пайыздық мөлшерін төлесін деп тапсырды. Субсидия 12 айға беріледі.
- Ұлттық банкте Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет құрылады. Оның құрамында тәуелсіз мүшелер де болады. Салық пен төлемдердің саны мен мөлшері кемиді.
- Онлайн петиция институтын құруды тапсырды. Ол арқылы азаматтар реформалар мен ұсыныстарын айта алады.
- Президентке тікелей қарасты бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құрылады. Бәсекелесті дамыту үшін мемлекет меншігінен ұлттық объектілерді алу қажет дейді.
- 2021 жылы 700 мың Біріңғай жинақтық зейнетақы қорына салымшы жинағының бір бөлігін баспана алу, оқу мен емделуге жұмсай алады.
- Мәслихат отырыстарын онлайн көрсетілу қажет деді.
- Жылдың екінші жартысында медқызметкерлерге үстемақы төлеу үшін 150 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін екі есе артады.
- Жыл соңына дейін елде 13 жұқпалы аурухана салынады.
- Алты жыл бұрын жойылған Төтенше жағдайлар министрлігі қайтадан құруды тапсырды.
- Үкіметке бала көтере алмай жүргендерге арнап «Аңсаған сәби» жобасын іске қосып, ЭКО бойынша квота санын 7 мыңға, яғни жеті есе көбейтуді тапсырды.
- Ауыл әкімдерін тағайындамай, тікелей сайлауды ұсынды.
- Мемқызметкерлер, депутаттар мен судьялардың шет елде есепшотқа ие болуына, қолма-қол ақша мен бағалы заттарды сақтауына заңнама деңгейінде шектеу қою керек деді.
- Жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар әр ауылда интернет болады.
- 2021 жылдан бастап мемқызметкерлерді бағалайтын жүйе пайда болады.
- Экономиканы индустриялау мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін құрылған «Бәйтерек» пен «Қазагро» ұлттық компаниялары бірігеді.
Фото: ҚазАқпарат
Пікірлер жоқ.