Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдау жариялайды
Ел басшысы көбіне экономика мен әлеумет жайлы сөз қозғамақ

Фото дереккөзі: tengrinews.kz
1 қыркүйекте Парламент палаталарының біріккен отырысы өтеді. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа сөз сөйлейді. Бұны ҚазАқпарат хабарлады.
— Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр, — деген президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Оның айтуынша, депуттаттар отырысында Тоқаев елдің дағдарыстан кейінгі даму жолдарын айтпақ. Жолдаудың басым бөлігі экономика мен әлеуметтегі мәселелерге арналады.

Пікірлер жоқ.