Таиландта 10 мыңнан астам адам билікке наразылық акциясына шықты

БАҚ-тың хабарлауынша, бұл — 2014 жылдан бергі ең ірі митиң


17/08/2020
11:44 46145 0

Фото дереккөзі: trtworld.com

 

Таиланд астанасы Бангкокта 10 мыңнан астам азамат билікке наразылық акциясына шықты деп хабарлады ТАСС. 

 

Жиналғандардың көбі студенттер болған. Олар жаңа Конституцияның қабылдауын талап етті. Наразылар монархияның өкілетін азайту, парламентті тарату, Сенатқа деп депутаттарды тағайындау емес, сайлау қажет дейді. 

 

— Біз әділ парламентті сайлауды, монархияның іс жүзінде Конституцияға бағынуын талап етеміз,  — дейді 24 жастағы белсенді Патсалавали Танакитуибунпон жиналған жұртқа. 

 

Наразылықты ұйымдастырғандардың айтуынша, жиналғандардың саны кем дегенде 10 мың болған. 

 

Митиңге рұқсат берілген. Полиция ешкімді ұстамады, тек сырттай бақылаған. Шетелдік БАҚ «бұл митиң 2014 жылдан бергі ең ірі наразылық» дейді. Алты жыл бұрын халық үкіметтің рақымшылық туралы заң жобасына қарсы болды.

 

Таиланд — конституциялы монархия. Ел басшысы — король. Ата заң бойынша, оған және оның әулетіне тіл тигізгендер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

17/08/2020 11:44
46145 0

Уведомление