Сот Әсия Төлесованың бас бостандығын шектеді

Сонымен қатар айыппұл салды


11/08/2020
16:54 46720 0

Фото дереккөзі: The Village

 

Сот белсенді Әсия Төлесова кінәлі деп, оның бас бостандығын 1 жыл 6 айға шектеп, 20 айлық көрсеткіш (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салды.

 

Прокурор Төлесованы бір жыл бас бостандығынан айыруды, 80 айлық есептік көрсеткіш (222 240 теңге) айыппұл салуды сұраған еді. 

 

— Біздің тергеу қызметінің ақиқат іздеуге құлқы жоқ екені мені таңғалдырады. Оларға қажет барлық материал интернетте толып тұр. Бұл іс құқық қорғау органдарының, прокуратура, азаматтық қоғамға сабақ болсын. Қайда бет алу керек екенін көрсін. Біз барлығымыз адамгершілік пен әділдікке ұмытылуымыз керек. Меніңше, тергеушінің басты міндеті — ақиқатқа көз жеткізіп, барлығын ашып көрсету. Неге менен жәбір көргендердің сөзі бір-біріне қарама-қайшы? Айтқан сөзіміз бен істеген істеріміз үшін жауап беруді үйрену өте маңызды. Себебі біз түптің түбінде өзімізге жауап береміз. 

 

Мен билік өкілдерінің, полицейлердің әрекетімен келіспеймін. Олар заңсыз, азаматтардық конституциялық құқығын бұзады деп білемін. Мен ақталып отырған жоқпын және кешірім сұраймын. Менің реакциям сіздердің әріптестеріңіздің әрекетінің нәтижесі. (...) Бұл іс менен басқаларға, оның ішінде құқық қорғау, прокуратура қызметкерлеріне  сабақ болады деген үміттемін. Мен өз сабағымды алдым. Сонымен қатар бұл іс сіздердің азаматтармен жұмысыңызға ықпал етеді деп үміт етемін. Себебі, менің ойымша, Қазақстанда күш қолдануға, ұстауға, қорқытуға жол жоқ. Мен бұл процесс адамға адам адам секілді қарауына көмектеседі деп үміттенемін, — деді Төлесова соттағы сөзжарыс кезінде және соңғы сөзін айтқанда. 

 

Әсия Төлесова маусымда Алматыдағы митиң кезінде ұсталған еді. Кейін оған полицейлерге күш қолданып, балағаттады деген айып тағылды. Іс бойынша, одан алты полицей жәбір көрген. Халықаралық және жергілікті құқық қорғаушылар белсендінің дереу босатылуын талап етті.

 

Біз мында бас бостандығанан айырылу мен бас бостандығын шектеудің айырмашылығын жазған едік.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

11/08/2020 16:54
46720 0

Уведомление