Шетелде төлқұжатым жоғалып кетті. Енді елге қалай қайта алам?

Не істеу керек




Қазақстан Республикасының дипломатия өкілдігіне (елшілік, консулдық, дипломатиялық миссия, ресми өкілдік) барыңыз. 

 

Ондағылар сізге елге қайту туралы куәлік береді. Соның көмегімен үйге орала аласыз. Ал төлқұжатты Қазақстанға келгенде — тұрып жатқан ауданыңыздың Халыққа қызмет көрсету орталығына барып қайтадан жасатсаңыз болады. 

 

Қайту туралы куәлік алғым келеді дегендер не істеуі керек: 

  1. Құжатым жоғалды деп өзіңіз тұрған елдің полициясына арыз түсіріңіз.

  2. Дипломатиялық өкілдікке хабарласып, қайту туралы куәлік алу туралы өтініш жазыңыз. 3,5×4,5 суретіңіз бен төлқұжатыңыз жоғалғаны/ұрланғаны туралы полиция анықтамасын көрсетіңіз.

  3. Консул алымын төлеңіз. Бұл сома әр елде әртүрлі болады. Ресейде, мысалы, 570 рубль (шамамен 3 200 теңге) тұрады. 

 

Кеңес: Шетелге барарда жеке куәлігіңізді де ала кетіңіз. 

 

Жаныңызда жеке куәлігіңіздің не туу туралы куәліктің түпнұсқасы болса, қайту туралы куәлік бір-екі күнде дайын болады. Болмаса, арнайы анкета толтырып, шамамен он жұмыс күні күтуге тура келеді. 

 

Қайтуға арналған куәлік тек бір жылға беріледі. Сондай-ақ оны Қазақстанға келгеннен кейін тұрғылықты ауданыңыздың полициясына тапсыруға тиіссіз. Ұмытып кетпеңіз :)

 


18/05/2021 14:17 3852 0
Автор: LPRC

18/05/2021
14:17 3852 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление