Адвокаттың заңгерден айырмашылығы неде?

Қысқасы, барлық адвокат — заңгер, бірақ заңгерлердің бәрі бірдей адвокат бола бермейді




Мысалмен түсіндіріп көрейік: Мұрат пен Меруерттің құқық бойынша дипломы бар. Екеуі де заңгер бола алады. Бірақ Меруерт қана адвокат болып, адам қорғауға құқы бар. Себебі ол адвокаттар алқасында тағылымдамадан, содан кейін әділет департаментінде арнайы аттестациядан өтіп, куәлік (лицензия) алып, ант берді.

 

Адвокат осы лицензиямен сотта және оған дейінгі тергеуде адам (айыпталушыны, күдікті) қорғай алады, ал заңгер қорғай алмайды, ол тек зардап шеккен адамның (арыз берушінің) өкілі бола алады. Одан бөлек, заңгер сот, прокуратура, полиция мен компанияда еңбек келісімшартымен жұмыс істей, өз жеке кәсіпкерлігін аша алады. Ал адвокат қалалық (облыстық) алқа, адвокаттар кеңсеніне мүше бола алады, бірақ мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне, ЖК ашуына құқы жоқ.

 

Адвокат Заңгер
Адвокат болу үшін құқық бойынша жоғары білім алу, кейін тағылдамадан, әділдік департаментінде аттестациядан өтіп, лицензия алу, аумақтық адвокаттар алқасына мүше болу қажет. Адвокат тек лицензиямен жұмыс істейді. Лицензиядан айырылу — адвокат болу құқынан айырылу деген сөз.

Құқық бойынша дипломы болса болды. Заңгер қызметіне лицензия берілмейді. 


Бірақ заңгер сотта өз әріптестерінен басқа адамдардың өкілі болғысы келсе, міндетті түрде заңгерлер палатасына мүше болуға тиіс.

Лицензиясынан айырылғандар басқа бірнеше адам адвокат болып жұмыс істей алмайды. Мысалы, мемлекеттік қызметтен (әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, құқық қорғау органдарынан, соттан) жағымсыз себептермен қуылғанына (босатылғанына) бір жыл толмаған адамдар; Мұндай шектеу жоқ
Еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істей алмайды. Адвокатты фрилансер деп айтсақ болады. Оның өз клиенттерімен жасайтын келісімшарты заңгерлік көмек беру туралы келісімшарт деп аталады. Жеке кәсіпкерлік аша алады, еңбек келісімшартымен жұмыс істей алады.
Әкімшілік құқық бұзу және қылмыстық істер бойынша адам (айыпталушы, күдікті) қорғай алады. Қорғай алмайды. Тек жапа шеккеннің (арыз берушінің) өкілі бола алады.
Аттестациядан әр бес жыл сайын өтіп тұрады. Мұндай талап қойылмайды.
Адвокаттық құпияны (клиентіне және іске қатысты кез келген мәлімет) сақтауға тиіс. Ешкім адвокатты оны жария етуге міндеттей алмайды. Клиентінің жеке мәліметтерін жария етпеу туралы келісім жасай алады. Құпияны жария етуге ешкім міндеттей алмайды деген заң нормасы жоқ.
Қарап жатқан ісіне қажет болғанда мемлекеттік, коммерциялық, қызметтік құпияға қол жеткізе алады. Мұндай құқы жоқ

Мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.


Жоғары сот кеңесі мен коммерциялық ұйымның бақылаушы кеңесіне мүше, арбитраж арбитрі болудан және ғылыммен, шығармашылық пен оқытушылықпен айналысудан басқа төленетін жұмыс істей алмайды.

 

Кәсіпкерлікпен айналыса алмайды.

Ондай шектеу қойылмайды.
Өз ұйымына ай сайын жарна төлеп отырады Өз ұйымына жарнаны жыл сайын төлейді

 

Материалды дайындауға көмектескені үшін International Major Lawyers адвокаттар кеңсесінің серіктесі, адвокат Руслан Қожахмет пен адвокат Назерке Ризабековаға алғыс айтамыз. 


18/11/2020 10:44 5773 0

18/11/2020
10:44 5773 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление